Чувашов Алексей Евгеньевич 
08-12-2023 12-37-11

Басқа
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе, мен сіздерге балаларға арналған танымдық және қызықты 3D голографиялық шоуды ұсынамын. Барлық мәліметтерді талқылау үшін маған хабарласыңыз! Мені іс-шараны өткізуге шақырған 30-дан астам балабақша бар! Бұл Алматыда бірінші рет!Здравствуйте, предлагаю вам детское познавательно-развлекательное 3D голографическое шоу. Пожалуйста свяжитесь со мной чтобы обговорить все детали! Уже больше 30ти довольных садиков, которые приглашали меня для проведения мероприятия! Такое впервые в Алматы! 87714020403 Вацап
Жауаб:
Сәлеметсіз бе , Алексей Евгеньевич !
Бұл мемлекеттік балабақша, сондықтан балалардың қауыпсіздігі балабақшада қатаң сақталынған. Соған байланысты рұқсат етілмейді. Мүмкіндігіне байланысты сізбен ватсап арқылы хабарласамыз.
Түсінікпен қарауыңызды сұраймыз. Рахмет !
Бейсенова Ляйля Сериковна 
15-09-2021 19-57-23

Ата аналардан
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Күлғайша Адылхановна, мен бүгін бір әділетсіздіктің күәгері болдым. Мен Жұмабек Айнидің анасымын.
Бүгін қызымды балабақшадан алып кетуге келгенде ас мәзіріне бір қарадым, 2 жастағы қызымнан тамақ іштің бе деп сұрағанда, иә, лапша жедім деді. Сосискамен бе деп сұрағанда Жоқ деген. Екі-үш рет сұрадым, сосиска болмады деген
Меню бойынша болу керек. Қорытындылай келгенде, тәрбиеші мен көмекшісі, балалардың тілі әлі шықпады, үйдегілерге айта қоймас деп, балалардың тамағын ұрлайды! Бұл тек бүгін байқағаным, қалған күндері де сондай болып жатқан шығар. Осылай деп жазғаным өзі ме де ыңғайсыз. Бірақ шара қолданбансаңыз бұл жағдай қайталана береді. Түсінушілікпен қараңыз. Рахмет!
Жауаб:
Сәлеметсізбе! Бейсенова Ляйля Сериковна сіздің жазған өтінішіңіз бойынша,тәрбиешілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Топ толығымен бақылауға алынды. Балабақшада күнделікті ас мәзірі бойынша толығымен қамтамас етіледі. Сол күні тәрбиешілердің және медбикенің айтуынша балаларға толығымен өз нормасы берілген. Әр тамақтану уақытында медбике қадағалап отырады.