Қазақстан Республикасы Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншіктік нысанындағы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу ұйымдары меңгерушілерінің Виртуалды қабылдауы
Алматы қаласы Білім басқармасының "№56 бөбекжай-балабақша" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны - Әуезов ауданы
Қош келдіңіздер!
Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!
Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.
Добро пожаловать!
Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!
Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.
Сұрақтар-жауаптар
Сұрақ қою
Айгүл 07-06-2021 13-08-11 Педагогтардан
Сұрақ:
Неге телефон көтермейсіздер?
Сотовый номер болса беріңіздерші?
Жауаб:
Сәлеметсізбе ! 87755998090 біздің ұялы телефон
Оспанбекова Гүлнара Әкімбекқызы
Алматы қаласы Білім басқармасының "№56 бөбекжай-балабақша" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны
Жаңа сұрақтар саны - 0 Барлық сұрақтар саны - 1 Жауаптар саны - 1
Жеке кабинет
Биография
Оспанбекова Гүлнара Әкімбекқызы
1987 жылы 9 қаңтарда Алматы облысы, Панфилов ауданында дүниеге келген. Ұлты – қазақ, жынысы – әйел. Қазіргі уақытта тұрмыста, отбасы құндылықтарын жоғары бағалайды.
Орта білімін алған соң, 2008 жылы Алматы қаласы Гуманитарлық коммерциялық колледжін бітірді. Кейіннен өзінің кәсіби білімін жетілдіріп, 2024 жылы Аймақтық әлеуметтік инновациялық университетін тәмамдады.
Гүлнара Әкімбекқызы еңбек жолын 2009 жылы Алматы қаласы, Әуезов ауданы, КМҚК «№56 бөбекжай-балабақшасында» тәрбиеші болып бастады. Өз ісіне адалдығы мен балаларға деген шексіз сүйіспеншілігінің арқасында әріптестері мен ата-аналардың ыстық ықыласына бөленді. 2022 жылы сол мекемеде әдіскер қызметін атқарды.
2025 жылдың тамыз айынан бастап КМҚК «№56 бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі қызметін атқарып келеді.
Жалпы еңбек өтілі – 16 жыл, оның ішінде саладағы тәжірибесі – 1 жыл, аталған еңбек ұжымындағы қызмет өтілі – 14 жыл.
Кәсіби еңбегі еленіп, түрлі марапаттарға ие болды. Атап айтқанда:
• 2012 жылы Әуезов ауданы білім бөлімінің бастығынан Құрмет грамотасы және аудандық «Ең жайлы және әдемі топ» байқауының І орын иегері атанды.
• 2013 жылы аудандық педагогикалық оқуда ІІ орын алып, Құрмет грамотасымен марапатталды.
• 2015 жылы «Үздік педагог – 2015» аудандық байқауының Бас жүлдесін иеленді.
• 2020–2024 жылдар аралығында Алматы қаласы Білім басқармасы мен аудан әкімдігінен бірнеше Алғыс хаттар мен Құрмет грамоталарын алды.
• Сондай-ақ республикалық «Көрікті көктем» байқауына үлес қосып, «Damu Education» қоғамдық қоры тарапынан Алғыс хатқа ие болды.
Гүлнара Әкімбекқызы – кәсіби біліктілігі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мықты басшы. Ол балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасап қана қоймай, ұжымды алға жетелейтін көшбасшы бола білді. Жауапкершілігі мол, еңбекқор, талапшыл, ұжымда сыйлы. Балалардың болашағы үшін бар күш-жігерін арнап, әрбір шәкіртіне мейіріммен қарайды. Әріптестері оны адалдықтың, кәсібиліктің және жаңашылдықтың үлгісі деп біледі.
Тілдік дағдылары: қазақ және орыс тілдерін еркін меңгерген, ағылшын тілін (elementary) деңгейінде біледі. Компьютерлік сауаттылығы жоғары, заманауи платформалар мен бағдарламаларды кәсіби деңгейде қолданады.
Қызығушылығы – білім беру әдістерін зерттеу, инновациялық технологияларды тәжірибеге енгізу және үздіксіз кәсіби даму.