Мараткызы Акерке 
04-03-2025 11-25-50

Басқа
Сұрақ:
Балабакша медбикесинин миндеттери
Жауаб:
Салеметсіз бе!
Балабақшадағы медбикенің лауазымдық міндеттері
2.1. Мектепке дейінгі ұйымның мекенжайлары мен учаскесінің санитарлық жағдайын қадағалайды.
2.2. Балаларды дәрігердің қарауына әзірлейді.
2.3. Балаларды дәрігердің қарауына қатысады.
2.4. Балалардыңдене салмағын анықтайды, антропометриялық өлшеулер жасайды.
2.5. Профилактикалық екпелер жасайды, дәрігердің тағайындауын орындайды.
2.6. Дәрігердің тағайындауы бойынша санитарлық режимнің сақталуын қадағалайды, балаларды шынықтыру шараларын ұйымдастырады.
2.7. Сауықтыру шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, күн режимінің сақталуын қадағалайды, таңғы жаттығудың, дене шынықтыру сабақтары мен балалар серуенінің дұрыс орындалуын бақылайды.
2.8. Ауырып калған балалардың есебін жүргізеді,сырқаттанған балаларды оқшаулайды.
2.9. Оқшаулағыштағы балалардың күтімін ұйымдастырады.
2.10. Дәрігердің медициналық тағайындауын және процедуралардың дұрыс орындалуын қадағалайды.
2.11. Таңертеңгілік қабылдауға қатысып, аурудан жазылып келген және жұқпалы аурулардың қасында болған балалардың қызуын өлшеу, т.б. шараларды жүргізеді.
2.12. Ағымдық дезинфекцияның жүргізілуін бақылайды.
2.13. Топтар тәрбиешілерінің таңертеңгілік қабылдауын бақылайды.
2.14. Балалардың дене дамуы мен денсаулығы проблемаларына арналған педкеңестердің жұмысына қатысады.
2.15. Дәрі-дәрмек, бактериологиялық препараттар, дезинфекциялаушы құралдар, медициналық құрал-жабдықтар мен аппаратуралар алуға тапсырыс даярлайды.
2.16. Ұйым қызметкерлері мен ата-аналар арасында санитарлық-ағарту жұмысын ұйымдастырады.
2.17. Мектепке дейінгі ұйым қызметкерлерінің уақытында медициналық тексерістен өтуіне бақылау жасайды.
2.18. Тиісінше медициналық құжаттамалар жүргізеді. Ай сайын әкімшілікпен және кәсіподақ комитетімен бірлесіп, мектепке дейінгі ұйымдағы балалардың аурушаңдығы себептерін қарастырады, бұл себептерді жою туралы ұсынысын енгізеді.
2.19. Тағамдық блок қызметкерлеріне іріңді ауру түріне тексеріс жүргізеді.
2.20. Аудандағы эпидемиологиялық жағдаймен дер кезінде таныс болып отыру үшін, жақын жердегі емханамен жүйелі байланыс орнатады.
2.21. Мектепке дейінгі ұйымда диетбике жоқ болған жағдайда, оның төмендегідей міндеттерін атқарады:
2.21.1. Үлгі 10 күндік мәзір негізінде күнделікті мәзір-таратпа жасап, бухгалтерияға өткізеді.
2.21.2. Жеткізілген азық-түлік сапасына, олардың сақталу ережесі мен таратылуына бақылау жасайды.
2.21.3. Тамақ дайындау сапасына, табиғи өнімдер нормасының сақталуына бақылау жасайды. Жүйелі түрде тағам рационының химиялық құрамы мен калориялылығы (жинақтама тізімдеме бойынша) есебін жүргізеді.
2.21.4. Азық-түлікті тағамдар блогына салуға қатысады.
2.21.5. Күнделікті дайын тамақтың дәмін көреді, азық-түлікті мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау орталығының (МСЭҚО) талаптарына сәйкес тағамдар блогына салуға қатысады.
2.21.6. Порциялар нормасының сақталуын бақылайды. Жас топтарына қарай күнделікті тарату нормасын беріп отырады.
2.21.7. Топтардың тамақты алу графигінің сақталуын бақылайды.
2.21.8. Күнделікті шикі азық-түлік және дайын тағам бракеражын жүргізеді, бракеражды таратпа мәзірмен салыстырады, мәзір бойынша азық-түлік жиынтығын – бракераж дәптерімен салыстырады.
2.21.9. Күнделікті қызметкерлер тамағының табелін жүргізеді.
2.21.10. Топтар бойынша балалар тамағының табелі жүргізілуін бақылайды.
2.21.11. Күнделікті топтар тазалығын тексереді.
Тилеубек Гулзира 
25-05-2021 17-19-11

Педагогтардан
Сұрақ:
Сәлеметсізбе менің менің ұлым 3 жаста Сиздерде бос орын бар ма
Жауаб:
СәлеметсізбеІ 04,06,2021 күні 2018 жылғы балаларға 5 орын берілді. Ата-аналар опен Алматы сайтынан таңғы 18:50-ден бастап орындарды интернет желісі бойынша алды. 2017 жылғы балаларға да 5 орын берілді. 11.06.2021 күні сағат таңғы 06:50 бастап опен Алматы сайтынан ала алады.
Алда тағы бос орындар болып қалуы мүмкін, сайтқа қарап, хабарласып жүріңіз. (Опен Алматы сайтына)
Сыдыкова А. 
14-05-2021 10-35-52

Ата аналардан
Сұрақ:
Жұмыс істеу уақыты қандай?
Жауаб:
Ертеңгі сағат 8,00 ден кешкі 18,30-ға дейін.
Қалиева Айжан 
16-10-2019 15-00-12

Ата аналардан
Сұрақ:
Сіздердің ұжымдарыңызға сәттілік!
Жауаб:
Рахмет!
Тангатаров Канат 
12-01-2019 12-22-04

Ата аналардан
Сұрақ:
Бқбекжай-балабақша сайтында қаржылық құжаттар уақытылы салынып тұрама?
Жауаб:
Иә, уақытылы салынып тұрады