Дюсембекова Акбота Акдариевна 1984 жылы дүниеге келген. 2001-2005 жылдар аралығында Семей көп салалы колледжінен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2007-2011 жылдар аралығында Семей мемлекеттік педагогикалық институтынан «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша, 2014-2015 жылдар аралығында Гуманитарлық-экономикалық колледж мекемесінен «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша білім алған.
Еңбек жолын 2007 – 2009 жылға дейін Семей қаласындағы №27 мектеп – кешенінде, даярлық топ тәрбиешісі лауазымынан бастаған. 2009 жылдан 2015 жылға дейін Семей қаласындағы №10 «Бал – бұлақ» ясли-бақшасында мектепке дейінгі топтарда тәрбиеші болды. 2008-дан бастап осы уақытқа дейін жазғы уақытта қосымша балалардың денсаулығын сауықтыру бейіміндегі «Радуга» лагерінде аға тәлімгер, тәлімгерлік лауазымын атқаруда.
2015 жылдың қазан айынан бастап Абай ауданындағы Б.Байғожина атындағы ясли-бақшасына тәрбиеші болып орналасты. Бүгінгі таңда тәрбиешілік өтілі 9 жыл, жоғары білімді II-санатты тәрбиеші.
Ізденіс тақырыбы:
«Балалардың қабілеттері мен бейімділігін дамыту мақсатында әр бүлдіршіннің жеке тұлға ретінде қалыптастыру»
Өз білімін шыңдау мақсатында Біліктілік көтеру курстарына қатынасты. 2010 жылы Мұхтар Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжінде «Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиелеу мен оқыту үрдісін ұйымдастыру» бағдарламасы бойынша біліктілігін арттырды.
2014 жылы Астана қаласында Профессор О.Сыздықов атындағы инновациялық технологияларды қолдану» тақырыбында біліктілігін арттырып келді.
2015 жылы Өскемен қаласынан Облыстық «Ұлағат» білім орталығында «Мектепке дейінгі даярлық тобында шығармашылық арқылы оқытуды ұйымдастыру» тақырыбында біліктілігін арттырып келді. Облыстық білім басқармасының ұсынысымен 2015-2016 оқу жылында облыс бойынша 19 балабақшаның іріктеп алып, дарынды балаларға арналған вариативтік жұмыс жасайтын мектеп кешенінен жұмыс істеуді ұсынған жобаға қатысты. 19 балабақшаның ішінде Б.Байгощина атындағы ясли-бақшасыда кірген болатын. 2015-2016 оқу жылынан бастап балабақша эксперимент алаң ретінде «Ой-ойна» ойын технология-зертхана кабинетің ашып, балалардың логикалық ойлауын дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында-«Ой-ойна» ойын зертханасында өзіне тән жоба жасап, «Valeo» кинетикалық-дамыту мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы курсын оқып, халықаралық деңгейдегі сертификатқа ие болды.
Балалардың логикалық ойлауын дамыту үшін балаларды талдауға, жинақтауға, саралауға, әртүрлі болған жағдайда болжау, пікір айта білуге, заттарды бөліктер арқылы құрастыра білуге үйретуде. 2013 жылы білім жетілдіру мақсатында Мемлекеттік стандарт негізінде 5 білім беру саласы бойынша бірнеше ашық сабақтар өткізді. Атап айтқанда; «Орман аңдары», «Біз отанның сарбаздары», «Қыс қызығы», «Менің сүйікті отбасым», «Үй жануарлары», «Аналар мерекесі», «5 саны мен цифры», «Қалың-Жұқа», «Бәрін жақсы көремін», «Менің қайырымды көмекшілерім көз», «Аққала» тақырыптарындағы сабақтары балалар қызығатындығы ойынмен өткізіп,балаларды адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа,әділеттілікке, ұлжандықылыққа, қоршаған ортаны күтіп, бағатуға, айналаны бағдарлай білуге тәрбиеледі. Акбота Акдариевна бірнеше авторлық бағдарламалардың авторы. Атап айтсақ; «Родительские собрания в детском саду по чрезвычайным ситуациям», «Технология проблемного обучения в детском саду», «Ертегі арқылы балалардың шығармашылығын дамыту» авторы.
Өтетін тақырыбы ертегі арқылы балалардың сөздік қорын байытып,балалардың сөзге деген қызығушылығын ояту мақсатында –Ертегімен өрнектелген сабақтар студиясында, балалардың логикалық ойлауын,қиылын арттыру мақсатында-Жұмбақшы апаймен сырласу клубында, балалардың ойлау қабілетін ойын ойнату арқылы дамытуды, балаларды ұқыптандылыққа, қырағылыққа,ептілікке,әдет-ғұрыпты қастерлей білуге үйрету мақсаттарында-Спорттық ұлттық ойындар алаңдарында Акбота Акдариевна жаңашылдықпен жұмыс жүргізуде. Балаларға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Елің сүйсең, елі сүйген Елбасы», «Тәуелсіздік тұғырым», «Кітап-білім бұлағы» тақырыптарында тәрбие сағаттарын өткізді.
Өзі тәрбиелеп отырған бүлдіршіндердің Республикалық, облыстық, балабақша ішкі интернет байқауларына қатынасып,арнайы сертификаттар алды. Жасаған еңбектері бағаланып Акбота Акдариевна Халықаралық IQ – марафонына қатынасып және жеткіншектердің дайындығы үшін, Тренингер курсына қатынасып IQ орталығының дипломы.
• Тұрақты оқырман әрі автор ретінде «Мектеп ұстаздарының әлемі» Республикалық педагогикалық журналының редакциясының алғыс хаты мен сертификаттарына ие болды.
• Ғаламтордағы Ресейлік «Инфоурок» сайтында өз мақалалары мен сабақтарын жариялап, осы сайттың сертификаттарына ие болды. Өзінің жеке парақшасы ашылған.
• Ғаламтордағы Ресейлік «Копилка уроков.ру» сайтында өз мақалалары мен сабақтарын жариялап, осы сайттың сертификаттарына ие болды. Өзінің жеке парақшасы ашылған Республикалық ақпараттық-сараптамалық газетіне өз сабағын жариялады. Республикалық Педагогикалық ой журналына өз сабағын жариялады.2016ж.
2017 жылы Республикалық Педагогикалық kz-оқу кене орталығының алғыс хаты, дипломы,сертификаты бар.
Аудан тәрбиешілері арасында өткен «Жыл тәрбиешісі-2016» байқауында жүлделі ІІ-орын иегері.
Акбота Акдариевнаның актерлық қабілеті, әншілік, бишілік, он саусағынан өнер тамған шеберлігі, әр баланың жанын түсіне білетін маман екендігі балабақша әкімшілігінің және ата-аналардың ыстық ықыласына бөленген. Абай ауданы әкімшілігі білім бөлімінен, балабақша меңгерушісінің грамоталары мен алғыс хаттарының иегері болды.
Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, ата-анамен ортақ жұмыс жасай алатын, бала жанының бағбаны.