Аршимбаева Советхан Ибинжанқызы №167 бөбекжай-балабақшасы меңгерушісі Туған жылы: 25 ақпан 1961 жыл Білімі: Жоғары. Абай атындағы ҚазПИ-1996ж,ҚызПИ – 2004 педагог-психолог. Еңбек өтілі: 38 жыл.Меңгерушілік еңбек өтілі: 8 жыл Білім беру ұйымындағы еңбек өтілі:8жыл.Білімін көтерген: 2012 ж, 2014 ж,2018 ж
Аршимбаева Советхан Ибинжанқызы педогогикалық еңбек жолын 1981 жылдан мектептің аға пионер вожатыйы қызметімен бастаған. Балабақша тәрбиешісі мамандағы бойынша 1986 -1993 жылдарда Алматы қаласында еңбек ете жүріп аудан,қала,республика көлемінде ашық сабақтар өткізген.Еңбегі жоғары бағаланған тәрбиеші 1993-2011жылдар аралығында қала бойынша үлгілі әдіскердің қатарында. Тәрбиеші, әдіскер болып қызмет атқарып отырған уақытында Советхан Ибинжанқызы мектепке дейінгі тәрбие саласына көп еңбек сіңірді, аудан қала, республика көлемінде ашық сабақтар, семинар, конференцияларға педогогикалық оқуларға қатысып, жоғары дәрежеде еңбегі бағаланып, аудан әкімі, аудандық, қалалық білім басқармаларымен минстрліктің құрмет қағаздарына ие бола білді. «Ізденуші педагог» номинациясы бойынша жеңімпаз атанған.
Советхан Ибинжанқызы «Алматы кітап»баспасының сұрауы бойынша көркем әдебиет оқулығының авторы.Көркем әдебиет/әдістемелік құралы/,Демонстрациялық материалдар, Хрестоматия, Жұмыс дәптері т.б./
Сондай-ақ 2012 жылы Орталық Азия елдері аралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып,көршілес Қырғыз елінің ұстаздарына өз тәжірибесімен бөлісіп II-дәрежелі дипломмен марапатталған. 2013 жылы Республикалық «Игілік»жанұялық басылымының «Бала акциясы» айдарының бас жүлдесін жеңіп алған. Сондай-ақ балабақша туралы қазақ радиосында , «Хабар» , «Білім» теле арналарында «Кемел ұстаз» бағдарламасы бойынша деректі фильмдер көрсетілді.
Балабақша бүлдіршіндері жылда-жылда «Ақ көгершін» , «Балапан» байқауларының бас жүлдесінің иегерлері атануда.
Аршимбаева Советхан Ибинжанқызы өз мамандығының шебері,үнемі шығармашылық ізденіспен еңбек етіп,ұжымының,ата-аналардың құрметіне бөленген жанның бірі. Бүгінгі дамыған шарықтап өсіп-өніп өркендеп отырған еліміздің болашағының кішкентай бүлдіршіндері тәрбиесінде заманауи талабына сай ұрпақ өсіру жолында аянбай еңбек етуде. Жастарға қамқоршы ұстаз, отбасында аяулы ана, немерелерінің сүйікті әжесінің өмірдегі ұстанымы «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» демекші бала тәрбиесінде әліде биік жетістіктерге жетсем дейді. «Салты мықтының-халқы мықты» демекші «Рухани жаңғыру» , «Ұлы даланың жеті қыры»аясында өз халқымыздың ұлттық ерекшелігін бала бойына дарыту жолында аянбай еңбек етуде.