Қасенов Болат Қуанышұлы
«Ай - Лау» бала бақшасы» ЖШС
Басшы
Білімі: жоғары
Қасенов Болат Қуанышұлы 1965 жылы Алматы обылысында дүниеге келді. Адамның сыртқы бейнесін өзгерте алмайсың, ал, ішкі жан - дүниеңді толассыз дамытуға болады дегендей, Болат Қуанышұлы жастайынан бір мамандық бойынша жетілдіруді, оқу- тоқуды, ізденістерді ұнататын. Соның арқасында біраз жетістіктерге де қол жеткізді. Ол жан - жақты, күрделі құбылыс болған соң, әлеуметтік ортада алатын орны тек қызметімен ғана емес, отбасын құруды, дүниеге келген балаларына берген тәрбиесімен де ерекшеленеді. Отбасыны мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Бүгінгі таңда отбасында жұбайымен үш бала тәрбиелеп отырған әке. Отбасындағы үлгілі әке, сүйікті жар, достарының арасында беделді, абройлы ер азамат.
Алматы экономикалық колледжінің тамақ өндірісі кәсіпорындарының жабдықтарын пайдалану және жөндеу мамандығы бойынша білім алған ол – жас кезінен талқыланып отырған мәселені тікесінен қойып, өткір сөйлеп отыратын. Өзінің шаруаға икемділігімен көзге түсіп, абыройын асқақтаты.
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде құқықтану мамандығын оқып, 2006 жылы бітірді. Алматы обылысына жан-жақты тұрғыда дамуына зор үлесін қосқан арда азамат адал еңбегі мен ізгі қастиеттерінің, игілікті қайраткерлік істерінің арқасында ел-жұртының ыстық ықыласы мен алғысына, шексіз сүйіспеншілігіне бөленді.
Еңбек жолы 1985-1986 жылдары автокомбинатта жүргізуші қызметінен басталған. 1986 жылыдан бастапы Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінде адал қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Милиция үздігі», «МВД үздігі», «Ішкі істер органдарындағы мінсіз қызметі үшін – І, ІІ, ІІІ деңгейдегі» медальдарының; «Муза» марапатының; «Еңбек үздігі» төс белгісінің иегері. Ішкі Істер Министрлігінен старшина шенінен капитан дәрежесіне дейін көтеріліп, қызмет жолында Ішкі Істер Министрлігінен құрметті зейнет демалысына шықты. Қоғамдық ортады қайырымдылық шаралардың ұйытқысы болып жүрген белгілі тұлға.
Қазргі таңда, Болат Қуанышұлы «Ай - Лау» бала бақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры және құрылтайшысы. Бойындағы басшы ретіндегі ерекше бір қасиеті – жұмыстарына ерекше мән беріп, өткізілген іс-шаралардың басы қасында жүргені. Әрқашан жас мамандарды ізденімпаздыққа, тәжірбиелерін дамытуға баулиды.
Болат Қуанышұлы білікті де мәртебелі басшы, шығармашыл тұлға, ұжым мақтанышы.