Виртуальная приемная Виртуальная приемная
Заведующих организации дошкольного воспитания и обучения государственной
и частной формы собственности города Алматы Республики Казахстан

eye 
ГлавнаяБлог руководителей
Государственное коммунальное казенное преприятие "Ясли-сад №9" Управления образования города Алматы - Алмалинский район
Добро пожаловать!

Здравствуйте уважаемые посетители сети Интернет!

Приветствую вас на страничке личного блога, специально открытого для создания более доступного и эффективного способа «обратной связи»!
Здесь вы сможете задать мне вопросы, рассказать об имеющихся проблемах, поделиться своим мнением о тех или иных событиях нашей жизни.
Данный вид общения, несомненно, будет способствовать более открытому и оперативному обмену информацией. Предоставит возможность получать ее, как говориться, из «первых рук». Что позволит мне находиться в курсе всех проблем.
Уверен, что подобный вид взаимодействия очень полезен. Это будет способствовать открытости, сближению и улучшению взаимопонимания власти и общества, а значит, сделает нашу жизнь более качественной и достойной.


Қош келдіңіздер!

Сәлеметсіздер ме құрметті Интернет желісін пайдаланушылар!

Бүгінгі таңда қолжетімді, әрі тиімді «кері байланыс» әдісін жүзеге асыру үшін арнайы ашылған жеке блогыма қош келдіңіздер!
Жеке блогымда сіздер басқарма қызметі туралы әр түрлі пайдалы ақпараттар ала аласыздар. Сонымен қатар, ең бастысы, маған сұрақ қоюларыңызға, орын алып отырған мәселелер туралы ұсыныстарыңызды білдіруге, пікірлеріңізбен бөлісуге мүмкіндік жасалған.
Байланыстың бұл түрі ақпарат алмасудың неғұрлым ашық және жедел жүргізілуіне ықпал етеді.
Қарым-қатынастың бұл түрі өте пайдалы деп есептеймін. Бұл халық пен билік арасындағы байланысты жақындатуға, жақсартуға, оның ашықтығына оң ықпал ететініне, яғни өмірімізді бүгінгі күн талабына лайық сапалы деңгейге көтеретініне сенімім мол.

  • Вопросы-ответы
  • Задать вопрос
Ата-ана   12-05-2021 12-38-11   От родителей
Вопрос:

Баланы балабақшаға орналастыру үшін қандай құжаттар керек және осы туралы толықтай жазып кетуіңізді сұраймын. Сұрағыма толық жауап алмаған сәтте Білім басқармаға арызданатынымды өтінішіме скриншот жасалғанын ескертемін.
Ответ:

2018 жылдың ақпан айынан бастап "Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелеріне жолдама беру үшін мектеп жасына дейінгі балаларды кезекке қою» жөнінде жаңа мемлекеттік стандарттар енгізілді. Сонымен қатар, кезекке қою процесстері мен оның функцияларын және балабақшаға жолдама беруді автоматтандыру бойынша әдістемелік ұсыныстар жасалды, осыған орай әрбір ата- ана электронды цифрлы қолтаңба алуы тиіс.

Айта кетерлігі, бұрындары бұл қызмет мына ережелер бойынша жүргізіліп келді: нақтылы бір балабақшаға кезекке қойылатын әрі жеңілдіктің барлық категориялары бойынша кезектен тыс жолдама алатын, өтініште өзгерістер болса (категория өзгерсе) өтінім беруші кезектен алынып, жеңілдік бойынша қайта кезекке тұратын, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жолдама алған өтінім беруші өз бетінше өзгерістер енгізе алмайтындықтан (категория, байланыс мәліметі) өзі де, бала да кезектен алынбайтын, сонымен қатар не үшін мектеп жасына дейінгі ұйымға жолдама алғысы келетіндігін анықтайтын функция талап етілмейтін.

Қазіргі кезде (https://balabaqsha.bilimalmaty.kz/) жүйесі өтініш берушілерге мынадай мүмкіндіктер береді: кезекке тұру үшін өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс мәліметін редакторлауға), өтінішті қайтып алуға (кезектен шығу), мемлекеттік немесе жеке мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алуға, жолдаманы не үшін алғысы келетінін көрсетуге ерікті.

«Балабақшаға жолдама алу кезегі ата- аналардың өтінішінде көрсетілгендей, баланың туған жылы бойынша бірыңғай қалалық кезек бойынша жүзеге асады әрі нақтылы бір бала бақша кезегі болмайды. Балалары қараша және желтоқсан айларында туылған ата- аналардың өтініштері кезекке туылған жылы бойынша қойылады.Кезекке қою реті өтініш берілген күннен басталады», - деп атап өтті Алматы қаласының Білім басқармасы.

Жеңілдік категория жүйесі екі типтен тұрады:
1. Кезектен тыс жолдама алатындар (әскери қызметшілер балалары). МЖМ-де орын болса бұл категориядағылар кезектен тыс жолдама алады
2. Бірінші кезектегілер ( мүгедек балалар, ата- ана қарауынсыз қалғандар, жетімдер, көп балалы отбасының балалары, ерекше күтім мен білімді қажет етендер). Бұлар жолдаманы «үштен бір» қағидасы бойынша алады. (Жеңіл категориядағы өтініш беруші және жалпы негіздегі үш өтініш беруші)

Жолдама алу үшін:
1. Көрсетілген электронды поштаға және телефон нөміріне кезектің келгендігі туралы хабарлама жіберіледі. Егер ата- ана балабақшаны таңдамаса және уақыт регламенті бойынша (сағат 9:00- 20:00) жолдаманы алмаса, онда бұл орын жыл тобы бойынша кезекте тұрғандардың бәріне ортақ, ( бірақ бала бақшаны таңдамаған бұрынғы өтініш беруші кезекте қала береді);
2. Мектеп жасына дейінгі мекемеге жолдама алынған соң бала кезектен автоматты түрде шығарылады, ( егер балабақшаға барып жүрсе, өтініш беруші кезекке қою туралы өтінім бере алады);
3. Егер ата- ана жолдама алған соң 5 жұмыс күні ішінде- балабақшаға келмесе, онда жолдама автоматты түрде жарамсыз болады және балаға тоқтатылған 10 жұмыс күні парағы беріледі.Өтінім тоқтаған параққа ілінсе жолдама алу мүмкіндігі жабылады.

Егер өтініш беруші жолдаманың берілген күнін 2 рет кешіктірсе, онда бала автоматты түрде кезектен алынады;
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама мынадай жағдайда беріледі: баланың жасы 3 –те немесе одан үлкен болса, егер бала кезекте тұрса және бос орын болса.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін балабақшаға жолдама алғанда кезек нөмірінің мәні болмайды. Алайда, ата- аналар мынаны білулері тиіс, егер мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыс істейтін бала бақшаға жолдама алынса, онда бала кезектен автоматты түрде шығарылады.
Фамилия имя отчество:


Тематика вопроса:


Вопрос:


Введите код с картинки:


Койшыбаева Анар Альбатыровна
Государственное коммунальное казенное преприятие "Ясли-сад №9" Управления образования города Алматы

Биография
Количество новых вопросов - 1
Всего вопросов - 2
Ответы на вопросы - 1
Личный кабинет