Бек Айнур 24-08-2022 14-20-39
Ата аналардан
Сұрақ:
Здравствуйте, резервные 3 места для детей 2017 года рождения, в какую группу есть?
С детками младше или ровесники?
Жауаб:
Добрый день! На данный момент для детей 2017 года рождения группы укомплектованы.
Группы формируются по одновозрастному принципу.
Бекежан 16-05-2022 12-38-21
Ата аналардан
Сұрақ:
Сәлеметсіз бе! Биыл Сіздерде осы мамыр айында 2017 жылы туылған балаларға орындар беріледі ме?
Жауаб:
Сәлеметсіз бе! 2017 жылғы туылған балалар үшін, 2022 жылдың маусым айының 10 - нан бастап, бос орындар бар. Сіз осы мәлімет бойынша balabaqsha.bilimalmaty.kz сайты арқылы жеке кабинетіңізге кіріп, жолдаманы алуыңызға болады
Ата-ана 12-05-2021 12-40-49
Кірушілерден
Сұрақ:
Баланы балабақшаға орналастыру үшін қандай құжаттар керек және осы туралы толықтай жазып кетуіңізді сұраймын. Сұрағыма толық жауап алмаған сәтте Білім басқармаға арызданатынымды өтінішіме скриншот жасалғанын ескертемін.
Жауаб:
Құрметті ата - ана!
Сіз баланы балабақшаға орналастыру үшін алдымен электронды кезекке қоясыз. Ол үшін электронды цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, balabaqsha.biilimalmaty.kz сайтына кіруіңіз керек. Одан кейін баланың аты - жөні, ЖСН-і сияқты мәліметтер толытырылады. Егер сіз жеңілдігі бар санаттағы азаматтар қатарынан болсаңыз, жүйеге қосымша тиісті құжаттар тіркеледі. Онда сіздің телефон нөмеріңіз бен электронды мекен - жайыңыз міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Хабарлама алғаннан кейін мектепке дейінгі ұйымды таңдау үшін сізге 3 жұмыс күні уақыты беріледі. Осы уақыттан кейін (4-ші күні, таңғы сағат 6:50 - де) кезегінің санына қарамастан, кез келген ата- ана барлық балабақшалардағы бос орындарды көруге мүмкіндік алады. Егер сіз берілген уақыт ішінде мектепке дейінгі мекемені таңдап үлгермесеңіз, сіздің кезегіңіз сақталады.
Балабақша таңдалғаннан кейін балаға жолдама беріледі. Осы жолдамамен 5 жұмыс күні ішінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымға баруыңыз қажет. Егер бармаған жағдайда 30 күнтізбелік күнге дейін ұзартуға болады.
Осы уақыт ішінде таңдау жасаған балабақшадағы орын сақталады.